Жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан желідегі жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Өнер иесі жақында тағы бір жаңалығымен қуантатынын айтты, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Жақында бұйыртса тағы бір жаңалықтың куәсі боласыздар", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.
Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.
Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді. Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.