Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шетінеген сәбиді еске алу кешіне келгендер би билеп, жұрттың ашуын туғызды

Әнші Бүркіттің қарындасы, актриса, блогер Әсел Асқар өзінің өткен жылы шетінеп кеткен нәрестесіне арнап, естелік кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Шетінеген сәбиді еске алу кешіне келгендер би билеп, жұрттың ашуын туғызды
Фото: әлеуметтік желіден

Шетінеген сәбиді еске алу кешіне келгендер би билеп, жұрттың ашуын туғызды

Жиынға отандық шоу-бизнес жұлдыздары да келген екен. Іс-шарадан кейін Мәдина Сәдуақасова өзінің Instagram-дағы парақшасына билеген видеосын жариялады. Бұл адамдарға ұнамай қалса керек, көбі ашуланып, сыни пікір жазып жатыр.

«Тым болмағанда мынандай іс-шарада ырбыңдамауға болмас па еді?», «Әселдің қайғысына ортақтасуға барған ба, әлде көңіл көтеруге ме?», «Мәдинаның қылықтары ерсі болып барады», — деп жазып жатыр адамдар.

Ал Әсел Асқар өзінің Instagram-дағы парақшасында бұл жолы сәбиін еске алу кешін осылай мұңды қылмай өткізгісі келгенін айтқан.

«Бүгінгі кеште әр затта үлкен мағына болды. Торт жылап келген қонақтарға өмірде тәтті нәрсенің бар екенін, ал сыйлықтар мен байқаулар өмірдің бір сәттік екенін еске салады. Мейрамхананың залы жұмақ сияқты безендірілген. Мен оны дәл осылай елестеттім», ― деп түсіндірді Әсел.