Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«Тілінен тапты»: Бағлан Әбдірайымов Қайрат Нұртасты не үшін ұрғанын айтты

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов бір кездері "Алтын самұрық" атты ән кешінен кейін өнердегі інісі Қайрат Нұртасты не үшін ұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Тілінен тапты»: Бағлан Әбдірайымов Қайрат Нұртасты не үшін ұрғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты.

Бір кездері Алматыдағы Республика сарайында "Алтын самұрық" әншілер арасында байқау өткен. Финалға "Жігіттер" квартеті және Тоқтар мен Бейбіт отбасылық дуэті шыққан. "Жігіттер" тобының экс-мүшесі Еркін Нұржанов бұрынғы достарына дауысты сендерге беремін деп уәде етіпті. Алайда жеме-жемге келгенде бәрі басқаша болған. Сөйтіп, Тоқтар мен Бейбіт жеңіске жетеді.

Концерт аяқталған соң, Бағлан сарайдың сыртында Еркінге ренішін айтып, сөзге келіп қалады. Сол кезде әңгімеге Қайрат Нұртас араласқан.

"Қайрош, сен бұған араласпай-ақ қой" деп едім, ол көтеріліп кетті. "Не демекшісің?" деп едім, шап ете қалды. Өзім мектепте жоғары сынып оқушыларынан таяқ жеп өскенмін. Мықты ма, мықты емес пе қарамайсың, жасын сыйладық. Сондай тәрбие қалыптасқан", — дейді Бағлан Әбдірайымов.

Көше тәрбиесін көрген әншіге өнердегі інісінің артық сөйлеп кеткені ұнамай қалған. Сосын шапалақпен бір ұрған.

"Кейін Қайраттың өзі "Бәке, сенге көшіп бара жатыр едім, сол шапалақтан соң сізге көштім. Есімді жидым" деп қалжыңдап жатыр. Бәріміз де жас болдық. Бірақ одан арамыз бұзылған емес. Жігітпіз ғой. Өзім де 7-8 рет ағалардың соққысынан ұйықтап тұрғанмын", — дейді ол.