“Жақында менің арманым орындалды. Біз Дубайдан пәтер сатып алдық. Неге БАӘ таңдадың дейсіздер ме? Мен Дубайдағы мүмкіндіктер, оның дамуы мен жылдамдығына қызығатынмын. Және бұл менің таңдауымның жалғыз себебі емес”, – деп жазды Айдана.
Әншінің орамал тағып, дінге бет бұрғаны желіде әлі деп қызу талқыланып жатыр.
“Орамалға қарапайымдылық жарасады. Қутырған емес”, “Жасағандарыңды жария қылып, елдің алдында есеп бермей-ақ қойшы”, “Сән көрсетіп жүр ғой”, “Орамал тағып алып секеңдеп жүрген дұрыс па?”, “Қарапайымдылығың қайда?”, – деп айыптады желідегілер.