Айсәуле Бақытбек Нұртас Адамбайды эксремистер қатарына жатқызды

Футбол ойнамауға және аталмыш спорт түрін тамашаламауға шақырған Нұртас Адамбай біраз адамның ашуын туғызды. Оның қатарында танымал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек пен тележүргізуші Диана Скатова бар, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айсәуле Бақытбек Нұртас Адамбайды эксремистер қатарына жатқызды
фото: Stan.kz

“Мына адамды эксремистер қатарына жатқызып, оның көпшілікке хабар таратуына тыйым салу керек. Ақылынан адасқан ғой. Қай кезде де, тіпті дінде де, байсалдылық пен парасаттылық маңызды”, – деп жазды Айсәуле.

“QosLike” бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова да актердің бейнежазбасына қатысты наразылық білдірді.

“Егер бұлайша пайымдайтын болса, бірде бір спорттың түрі қалмайды ғой. Мен қай спорт түрі болмасын оны тамашалап, жанкүйер болғаннан ләззат аламын”, – дейді Диана.