Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес"- әнші Алтынай Жолдыбаева орамалды қыздардың қатарына қосылды

Актриса, Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілісі Алтынай Жолдыбаева соңғы уақытта өмірінің өзгергенін айтып, жазба жариялады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес"- әнші Алтынай Жолдыбаева орамалды қыздардың қатарына қосылды
фото: ©instagram.com/altynaizholdybayevanew

Алтынайдың айтуынша, ол соңғы жылдары жауапты шешімдер қыбылдап, өмірінде маңызды қадамдар жасаған көрінеді.

“Парақшамдағы оқырмандар былай тұрсын, жеке танитын жандардың біразы менің дінге деген құштарлығыма таңғалып жатыр. Иә, бұл – өмір және ол сондай. Мен бүгінгі күні аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кезіндегі Алтынайды есіме алсам, ол ханымның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін құбылыстар – оның бүгінгі таңдауы және өмірі. Қызық, иә?

Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес. Мен ешқашан ақымақ болған емеспін, шүкір. Әке-шешем маған тәрбие бере білді. Кәмелет жасқа толғанда “что-то пошло не так”. Содан беталды батыстың мәдениетіне қатты еліктедім. Анашым қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиесі, құндылықтары туралы көп айтатын, айтып та келеді. Кезінде оны түсінгісі келмей мұрнын шүйіретін Алтынай, міне бүгін өз ұлтының мәдениетіне шынайы ғашық”, – деп жазды актриса.