Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

«Асыл тұқымдымын, тұқым алып қалыңыздар» - Жігер Ауыпбаев

Дәл қазір Жігер Ауыпбаевтың сөзі желіде қызу талқыланып жатыр. Әнші жігіт өзінің сұңғақ бойлы екенін айтып, сәби сүйгісі келетін қыз-келіншектерге ашық ұсыныс тастаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

«Асыл тұқымдымын, тұқым алып қалыңыздар» - Жігер Ауыпбаев
Фото: ашық дереккөз

Ғаламторда тараған видеода Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі тікелей эфирде көпшілікпен әңгімелесіп отыр. Әншіге ғашық қыздардың бірі тосыннан сұрақ қояды.

Сіздің бойыңыз неше? Бойыңыз ұнайды, — деп сұрады оқырмандарының бірі.

Жігер бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Алып денелі әнші өзінің ұзын бойымен мақтанып, желідегі қыз-келіншектерге үндеу тастаған.

Бойым 1.95 сантиметр. Асыл тұқымдымын. Тұқым алып қалыңыздар, — деді Жігер Ауыпбаев.

Әншінің бұл ұсынысы қыздарға қатты ұнап қалса керек, олар бірден қызығушылық танытып, Ауыпбаевты сұрақтың астына алған.

Тұқым тегін бе, алайық па? — деп сұрады қыздардың бірі.

Бұл сұрақ Жігерді тығырыққа тіресе керек, ол жауап берген жоқ. Сондай-ақ әнші жігіт дәл осы видеода актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен арадағы жақын қарым-қатынасы туралы да жұмбақтап айтқан.