"Екінші әйел алады деп ойламадым". Әнші Досымжан Таңатаров әлеуметтік желіде екінші отбасымен көзге түсті

Шахаризат Сейдахмет есімді жас әнші TikTok-тағы парақшасында әнші Досымжан Таңатаровтың екінші отбасын көрсетті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Екінші әйел алады деп ойламадым". Әнші Досымжан Таңатаров әлеуметтік желіде екінші отбасымен көзге түсті
фото: Stan.kz

“Досымжан ағам екінші отбасын жариялауға рұқсат берді”, – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары өнер иесінің екінші әйел алғанына сенер-сенбесін білмей дал болды.

“Қазақ байыса, қатын алады деген рас екен”, “Бұл әнші екінші қатын алады деп ойламадым”, “Есіргеннен екі қатын алған дұрыс емес деп ойлаймын”, “Қолдан келсе, бақса, қақса неге алмасқа?”, “Жуастан жуан шығыпты ғой”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Әлеуметтік желідегі бейнежазба біраз қаралым жинады. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты. Әнші әзілдегенін, бейнежазбаның бейнебаяннан үзінді екенін айтты.

“Сіздерге пранк жасадық, Досымжан аға тоқал алған жоқ”, – деп шынын айтты жас әнші.