Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Айқын Төлепбергеннің анасы қолында қай келіні тұратынын айтты (ВИДЕО)

Отандық әнші Айқын Төлепбергеннің анасы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қолында үлкен келіні тұратынын айтты, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Айқын Төлепбергеннің анасы қолында қай келіні тұратынын айтты (ВИДЕО)
коллаж: Paryz.kz

Бағдарлама жүргізушілері әншінің анасынан "Жұлдыз қандай келін? Бірге тұрасыздар ма?", -деп сұраған.

Ал Айқынның анасы Гүлзада Төлепбергенова Жұлдызбен емес, үлкен келінімен бірге тұратынын айтты.

"Келініміз өте жақсы. Өте сыпайы, ата-ананы өте жақсы сыйлайды. Біз үлкен келінмен тұрамыз. Айқыннан үлкен Айдын деген үлкен ұлым бар, соның қолында тұрамын. Келіндер жақсы. Қолдағы келініммен 13 жылдан бері бірге тұрамыз", - деді әншінің анасы.

Айқын қазір жаңадан үй салып жатқанын, сол біткен бойда ата-анасымен бірге тұратынын айтты.

"Қазір үлкен үй салып жатырмын. Содан кейін бірге тұрамыз, бұйырса", - деді Айқын Төлепберген.