Димаш Құдайберген 150 млн теңгеге ән айтып береді: Әншілердің мерекелік кеш үшін қанша ақша сұрайтыны белгілі болды

Жалпы корпоративке әнші шақыру арзанға түспейді. Оларға мереке алдында сұраныс та сұрапыл.
Осы ретте Ulysmedia.kz тілшісі жаңа жыл мерекесіне орай өткізілетін корпоративтерде отандық жұлдыздар мен шоумендерді қанша теңгеге жалдауға болатынын анықтап көрді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген 150 млн теңгеге ән айтып береді: Әншілердің мерекелік кеш үшін қанша ақша сұрайтыны белгілі болды
фото: Ulysmedia

Жаңа жыл кешіне келіп, бірнеше ән айтып кеткені үшін Қайрат Нұртас 20 мың доллар (9,5 млн теңге) алады екен. Ал Айқынның корпортивтегі ән айту құны – 1 млн теңге. Алматыда 1 млн теңге алатын әнші басқа қалаларға барғаны үшін 1,5 млн теңге сұрайды. Жабық корпоративтегі Ирина Кайратовнаның қызметі 50 мың доллар (23,5 млн теңге) тұрады.

40 минуттық қызметі үшін Ninety One 10 млн теңге алады. Скриптониттің бағасы «сойқан» - әнші бір дегенде 80 мың доллар немесе 40 млн теңгеге ғана келеді екен. Ал Димаш Құдайберген 300.000 еуро немесе 150 млн теңгеге ән айтып береді. Грэмми иесі әйгілі Imanbek мұндай ұсыныстарға сирек келіседі.

Егер сіз жұлдызды басқа қалаға апарғыңыз келсе, оның жол ақысын да көтересіз. Дегенмен, отандық эстраданың кейбір майталмандары өзінің жайлы жағдайына өте мұқият қарайды. Мысалы, Ирина Кайратовна рэп әртістерінің командасы қажетті жағдайдың тізімін белгілеп қойған: оларды бизнес-класс рейстерімен тасып, алдын ала орнатылған Sony PlayStation 5 ойын консольдері бар люкс бөлмелерді әзірлеу керек, қонақ үйлер кемінде 5 жұлдызды болуы тиіс. Қалада болған уақытында олар Mercedes Benz S, V класс, Range Rover, Cadillac Escalade, BMW 7, X7, LEXUS 570 (2018 жылдан асқан емес) көліктерімен ғана жүреді.

Дәл сондай талапты Ninety Onе тобы да қояды. Олар гример бөлмесі мен көліктердегі градус мөлшері 26 болуын талап етеді екен.

Егер жаңа жыл кешіне әншілерді жалдай алмасаңыз, онда Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға болады. Event-агенттіктері ұсынатын жаңа жылдық корпоративтік кештердің стандартты пакетіне жүргізуші, музыкалық топ, интерактивті іс-шаралар, Аяз ата мен Ақшақардың келбеті, сондай-ақ модельдік агенттіктердің тамаша қыздарының қонақтарды қарсы алуы кіреді. Тек осындай фестивальді ұйымдастыру үшін 300 000 теңгеден және одан да көп ақша төлеуге тура келеді.

Шоуменнің танымалдылығына және аудиторияның көңілін көтеру қабілетіне байланысты жүргізушілерге арналған баға әртүрлі. Құны бір кешке 400 000 теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін барады.

Стандартты музыкалық ансамбльдер, топтар, бишілер мен шағын оркестрлерді де жалдау құны қомақты – 1,5 миллион теңгеге дейін барады.