Жеке өмірін көпшіліктен жасырын ұстайтын Ақбота Керімбекова бейтаныс жігітпен жұрт назарына ілікті. Танымал әнші мен әлгі ер азаматтың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Ғаламторда тараған бейнежазбаны Керімбекованың өзі жеке парақшасына салған. Аталған видеоға зер салсақ, Ақбота мен жас жігіт бір-біріне ғашық көзбен қарап, әндеткенін аңғаруға болады.
Анығында бұл Керімбекова мен Ернар Амандық есімді жас әнші жігіттің дуэті екен. Олар әлеуметтік желіде хитке айналған "Таптым-ау сені" әнін жаңа нұсқада жарыққа шығарған.
Жақында жаңа дуэт. "Таптым-ау сені..." Баршаңызға бақыт тілейміз, — деп жазды Ақбота.
Романтикаға толы бейнежазбада бір-біріне қиыла қарап, махаббат жайлы әнді ерекше орындаған Ақбота мен жас жігітті желідегі жұрт мақтап, жылы лебіздерін жазып жатыр.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова үш рет тұрмысқа шығып, барлық некесі сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде әншінің үш ұлы бар.