Қазақстанда инфекцияның жаңа жағдайлары 2010 жылдан бастап 88 пайызға өскен.
Қазақстанда ЖҚТБ-мен (СПИД) ауыратын 35 мың адам тұрады. Оның ішінде 21 мың ер адам, 13 мың әйел және 14 жасқа толмаған 500-ден 1000-ға дейін бала бар.
Жылына орта есеппен 3500 адам вирус жұқтырады. Олардың 100-ге жуығы балалар.
Сонымен қатар пациенттердің диагнозы туралы хабардар болуы шамамен 80 пайыз. Яғни жұқтырған 35 мың адамның 7 мыңға жуығы организмде вирустың болуы туралы білмейді.
Шамамен 22 мың пациент тұрақты терапиядан өтеді. Осының арқасында 55 пайызы (19 мың адам) вирустан айыққан.
Одан бөлек, секс-индустрия қызметкерлерінің деректері де келітірілген. Қазақстанда мұндай 20 300 адам бар деп отыр.Соның ішінде 1,3 пайызы ЖҚТБ-мен ауырады.
Қазақстандағы гомосексуал еркектерге келетін болсақ, олардың санын БҰҰ сарапшылары шамамен 62 000 адам деп бағалайды. Жезөкшелерге қарағанда АИТВ жұқтырғандар саны шамамен 6,9 пайыз.
Тағы бір қауіп тобы-есірткіні инъекция арқылы қолданатын адамдар. Елімізде ондай 85,3 мыңға жуық адам бар. Осы санаттағы АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындар — 8,3 пайыз.