Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қайрат пен Төреғалидың қарым-қатынасынан кейін БҰҰ мәлімдеме жасады

БҰҰ-ның АИТВ және ЖИТС жөніндегі бағдарламасы Қазақстанда вирустың таралуы бойынша 2021 жылғы деректерді жариялады. Қызығы, оның ішінде бір жыныстылықты қолдайтын отандастарымыз туралы да деректер келтірілген, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қайрат пен Төреғалидың қарым-қатынасынан кейін БҰҰ мәлімдеме жасады
фото: time.kz

Қазақстанда инфекцияның жаңа жағдайлары 2010 жылдан бастап 88 пайызға өскен.

Қазақстанда ЖҚТБ-мен (СПИД) ауыратын 35 мың адам тұрады. Оның ішінде 21 мың ер адам, 13 мың әйел және 14 жасқа толмаған 500-ден 1000-ға дейін бала бар.

Жылына орта есеппен 3500 адам вирус жұқтырады. Олардың 100-ге жуығы балалар.

Сонымен қатар пациенттердің диагнозы туралы хабардар болуы шамамен 80 пайыз. Яғни жұқтырған 35 мың адамның 7 мыңға жуығы организмде вирустың болуы туралы білмейді.

Шамамен 22 мың пациент тұрақты терапиядан өтеді. Осының арқасында 55 пайызы (19 мың адам) вирустан айыққан.

Одан бөлек, секс-индустрия қызметкерлерінің деректері де келітірілген. Қазақстанда мұндай 20 300 адам бар деп отыр.Соның ішінде 1,3 пайызы ЖҚТБ-мен ауырады.

Қазақстандағы гомосексуал еркектерге келетін болсақ, олардың санын БҰҰ сарапшылары шамамен 62 000 адам деп бағалайды. Жезөкшелерге қарағанда АИТВ жұқтырғандар саны шамамен 6,9 пайыз.

Тағы бір қауіп тобы-есірткіні инъекция арқылы қолданатын адамдар. Елімізде ондай 85,3 мыңға жуық адам бар. Осы санаттағы АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындар — 8,3 пайыз.