"Төреғали ұрды". Беті қанаған тағы бір жігіт әнші туралы айтты

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәліге қатысты тағы бір видео пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К - ке сілтеме жасап.

"Төреғали ұрды". Беті қанаған тағы бір жігіт әнші туралы айтты
фото: instagram.com/toregali_tolkyn / Видеодан кадр

TikTok желісінде тараған видеода жігіттердің құрылыс алаңында жүріп қалжыңдасқанын байқауға болады. Төреғалидың елді шулатқан әрекеті мемге айналып кетсе керек, құрылысшылардың бірі оның "ұрғанын" айтып, қан бетін көрсетіп күледі.

Енді Төреғалиды көрсең, қаш десейші", Мына қалжың өтті, жарайсың", "Төреш тыныш жүрсейші", "Бауырым, сөз тапқанға қолқа жоқ", "Төреғали енді ақшаңды берді ме?", "Енді мынандай жұмыс істемеймін, миллион теңге қалтада", "Үшаралдың жігіті ғой, -  деп қолдау білдірген пікірлер көп.