Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ота жасатқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Тележүргізушінің өзі бұл ақпаратты растап, қолдау көрсеткен оқырмандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл жайлы Instagram парақшасында жазды. "Өткен аптада ота жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір.
Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер. "Алла сүйген құлын жиі сынайды" дейді, бұл күндерді де өтерміз. Кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаңызға мың алғыс.
Жақындарым да қатты уайымдап кеткен соң, байланысқа шыққаным жөн деп шештім", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.