Ресейлік рэпер Алматыдағы концертінде көрерменін балағаттап жіберді

"Инстаса́мка" лақап атымен танымал ресейлік рэп орындаушы Дарья Зотееваның Алматыдағы жеке кеші жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Ресейлік рэпер Алматыдағы концертінде көрерменін балағаттап жіберді
Фото: ашық дереккөз

Видео Telegram желісіне жариянды.

Сол кеште Дарьяның күйеуі әрі әнші Олег Еропкин де ән шырқаған. Алайда әнін орындап болған сәтте көрерменнің бірі оған "осы жерден жоғал!" деп айқай салады. Фанатының бұл сөзі Олегтің намысына тисе керек, оған боғауыз сөздер айтып, оны балағаттап тастайды. Әнші күзетші шақырып жасөспірімді залдан алып кетуін талап етеді. Тіпті концертті жалғастырып, ары қарай ән салудан бас тартады.

Ол бұл жерден кетсін. Күзетшілер оны залдан шығарыңыздар. Ол шықпайынша концертті бастамаймын, — деді әнші.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін құптамай, оны заңмен жазалау керек екенін жазды.

Қонаққа келген құтырған әтешті заң бойынша жазалау керек, — деді желі қолданушыларының бірі.