Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Айгүл Иманбаеваның концертінде тыңдарманы жанжал шығарды (ВИДЕО)

Желіде танымал әнші Айгүл Иманбаеваның концертіндегі келеңсіз жағдай туралы видео тарады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айгүл Иманбаеваның концертінде тыңдарманы жанжал шығарды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқиғаның видеосы zhuldyzdy_news Instagram-парақшасында жарияланған. Видеоға сүйенсек, белгісіз жігіт әншіден бірге "Таңғы елес" әнін айтуды талап етеді.

"- Айтамын, міндетті түрде айтамын "Таңғы елесті". Соңына қарай айтамын. Сценарий бойынша айтамын.

- "Таңғы елесті" бірге айтайық, қосылып.

- Жоқ, маған кету керек болып тұр.

- Алып кетіңіздерші, мына жерде қызметшілер бар ма? И, көкем, бар, бара ғой, алып кетіңдерші", - дейді олар видеода.

Бірақ бұл қойылым ба, әлде шынайы оқиға ма, белгісіз. Өйткені Желі қолданушылары арасында бұл көрініс арнайы ойластырылған сценарий екенін жазғандар бар.

"Өлең айтамын деп тұр ма? Зәресін алды ғой Айгүлдің масқара. Қазір жаман болып барады адамдар, нервный ма. Қорқасың бар ғой", "Не міндет сендердікі, әншіге барып "менімен айт" деп. Ән айтуда оңай емес", "Ойпырм-ай, осы суретке түсетін кезде күзетшілер жан-жағыңнан жұлқылап, пранк қой көрніп тұр", "Ой, пранк қой, сенгіш халқым-ай. Всё по сценарию!", "Пранк шығар бұл да", - деп жазған пікір білдірушілер.