"Орамалы мүлдем жараспайды". Гүлмира Ізбасханованың келіндік образы сынға қалды

Ел арасында еркекшора әнші атанып кеткен Гүлмира Ізбасханова басына орамал салынған сәтін желіге жариялады. Ал желі қолданушылары оның жаңа образына түрлі пікір жазып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

"Орамалы мүлдем жараспайды". Гүлмира Ізбасханованың келіндік образы сынға қалды
фото: exk.kz

Жаңа босағаны аттаған Гүлмира Ізбасханова дастархан басында отырған сәтін өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда әншінің басына жеңгелері орамал жауып жатыр. Ал Гүлмира жаңа өмірінің өзіне ұнап жатқанын жазған.

Келіндік өмір — неткен керемет!, — деп жазды әнші.

Ал әншінің жаңа образы желі қолданушыларының көбіне ұнамай қалған. Олар орамалдың оған жараспайтынын жарыса жазып жатыр.

"Орамал мүлдем жарасапайды екен", "Ұнаған жоқ, түрі не болып кеткен", "Қанша еркекшора болса да, әйел заты ғой", "Бақытты болсын", "Сахнада жүрген кезі ұнайтын еді, қазіргі түрі не болып кеткен?!", "Сонша жыртылып күлгені несі?!" дейді желі қолданушылары.