Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қайрат Нұртастың әкесі халтурщик екенін мойындады

Желідегі жұрттың сынына жиі ұшырайтын Айдарбековтер тағы да қазнетті шулатып жатыр. Бұл жолы Қайрат Нұртастың әкесі кезінде тойларда қалай ақша тапқанын ашық айтыпты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Қайрат Нұртастың әкесі халтурщик екенін мойындады
фото: әлеуметтік желіден

Нұртас Айдарбеков өзінің жеке парақшасына үлкен ұлының ән салған видеосын жүктеген. Осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген ескі таспада баласы Қайрат "Сүйіп едім өзіңді..." деген хитты орындап тұр. Дәл сол бейнероликтің астына Айдарбеков ерекше естелігін жазған.


Ой шіркін, заман-ай! Мен осы әнді Түркістан қаласында халтурщик болып жүрген кезде, тойларда орындаушы едім. Үлкен сахнада өте керемет болып шығады екен ғой, — деді Нұртас Айдарбеков.

Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік түрлі пікір қалдырған. Қайраттың орындауындағы әлгі әнді естігенде олардың бірден өткен шағы еске түсіп, ностальгияға бөленгендерін жазыпты.

"Сіздің орындауыңызда өте әдемі шыққан", "Өте күшті ән. Иә, баяғыда айтушы едік, білуші едік. Қазір жастардың еншісінде", "Сіз де "халтурщик" деп қатырдыңыз", — деп жазды оқырмандары.