"Шашын жұлыңдар". Тойға келген екі әйел Мәдина Сәдуақасоваға таласып қалды

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова тойда келеңсіз жайтқа тап болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Шашын жұлыңдар". Тойға келген екі әйел Мәдина Сәдуақасоваға таласып қалды
Фото: видеодан скриншот

Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда өзгенің қуанышына ортақтасуға келген екі әйел әншімен суретке түсу үшін өзара таласып қалады. Олар Мәдинаның қолын жұлқылап, әдепсіз қылық жасайды.

Оқиға Алматы облысындағы мейрамханалардың бірінде болған. Екі қонақтың ерсі қылығы әншіге мүлдем ұнамай қалады.

25 минут ән айтып, 55 минут суретке түсесің. Әнші әрі фотомодель болдық, -деп ашуланды Мәдина.

Бір-бірімен таласып қалған әйелдердің әрекеті желі оқырмандарына да жақпай қалды.

"Ұят –ай". "Адам көрмегендей". "Мынау нағыз көргенсіздік". "Не болды, сонша таласып". "Ақшасы төленген сүйреп, шашын жұлыңдар" — деп жазды желі қолданушылары.