Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Жақсы әйел есіктегі еркекті төрге шығарады» деген сөзбен келіспеймін» - Жанар Айжанова

Қазақтың салт-дәстүрі мен даналық сөздерін жетік меңгерген Жанар Айжанова авторлық кітабын жазуда, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жақсы әйел есіктегі еркекті төрге шығарады» деген сөзбен келіспеймін» - Жанар Айжанова
Фото: ашық дереккөз

“Адамда тағдыр деген нәрсе болады. Қазіргі тілмей айтсақ көңілді, жақсылыққа сенетін, қиындыққа сынбайтын, шаршадым деген адамды жек көретін адаммын. Өзім де шаршағанды көп білдірмеймін. Шешем марқұм “Аурудың иесі болады. Иығыңа мініп алады. Сілкіп жібер. Жатпа деп айтатын” деп ең әуелі анасының ақылын еске алған әнші еліміздегі ұмыт болған салт-дәстүр, даналық сөздерді бір кітапқа тоғыстыруға ниетті екен.

Алайда, кішкентай кезінен даналық сөздерді жазып жүрген күнделігін Жанар ханым түсірілімдердің бірінде жоғалтып алыпты.

“Шынымды айтсам, көрінген адам маңызы бар-жоғына қарамай әңгімесін кітап етіп жазып, ақша тауып жүр ғой. Нұрлан сен де, Дәулет сен де, мынау менде қазақтың тәрбиесі мен даналық сөздерін, өзіміз ата-әжелерімізден естіген өсиеттерді кітап етіп жазуға қақымыз бар. Ол келер ұрпаққа пайдалы”, – дейді Жанар Айжанова. 

Әншінің бұрын ешкімге айтпаған өмірінде болған оқиғалар мен олардан қалай шыққанын ұштастырып оқырманға жеткізуді мақсат етіпті. Алайда кітапты соңына жеткізуге әншінің уақыты тапшы болып жүр.

“Мен ол кітапты баяғыда бастап қойған едім. Содан қалып қойды. Қазір аудиокітаптар жақсы болды ғой. Барлығын аудиоға түсіріп жатырмын”, – деген әнші бәрін болашақ еншісіне қалдырды. 

Алайда актриса соңғы кездері жиі айтылатын “жақсы әйел есіктегі еркектің басын төрге шығарады” деген нақылға түбегейлі қарсылығын танытты.

“Осы сөзбен мүлдем келіспеймін. Неге еркектің басы төменде, жаман болу керек? Неге ата-анасы ол ұлды нағыз еркек етіп тәрбиелеуге тырыспайды? Бейшара әйел ол еркекті сүйреп жүргенде өмірі өтіп кетеді. Екі жас та үлкен өмірге, жауапкершілікке дайын болу керек. Бәріне тек әйелдерді кінәлі етуді қою керек. Әрбір еркек өзінің отбасындағы жауапкершілігі мен міндеттерін жетік білуі керек”, – дейді актриса. 

Түнгі шоуға жиналған көрерменге Жанар Айжанованың құрбақа туралы мысалы да ерекше әсер еткендей.

“Екі құрбақа қаймаққа түсіп кетеді. Біреуі “болдым өлдім” деп әрекет етпей өліп қалады. Ал екіншісі жыбырлап әрекет ете береді. Бір күні қаймақ майға айналады. Суы бөлініп шыққанда, суға секіріп екінші құрбақа аман қалыпты. Сондықтан, құрбақа сияқты әрқайсымыз әрекет ете аламыз”, – деген әнші жастарды еңбекқұмар болуға шақырды. 

Айжанова бағдарлама барысында ауыл мен қала баласының басты айырмашылығын ашып айтты.

“Қалада тырмысып, еңбек етіп жүргендердің 80-90% ауылдың балалары. Себебі, олар ауылда мал да бақты, қой да бақты, қора да тазалады. Оларды атасы да жұмсады, көкесі, көршісі де жұмсады. Үлкендердің батасын алған. Үлкенге ізет, кішіге құрметті біледі. Талай ауылдың балалары бір пакетпен келіп, бір-бір мықты тұтқаны ұстап отыр. Бірақ олар әлі қазақилықты жоғалтпады. Ал, қазақилық тұнып тұрған мәдениет, мотивация, шабыт және еңбек”, – деп сөзін қортындылады әнші.