Кеше әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылды. Ұзатылу тойында ән айтқан әншінің әкесі қызын жылатып қойды, деп жазады paryz ақпарат агенттігі nur сайтына сілтеме жасап.
Ұзату тойының видеосын Дина Төреәлі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Ал Төреғали қарындасына арнау айтып, той соңында қоштасу
тілегін жектізді. "Сүрінбе, қызым, Жылама, қызым, Тапсырдым сені, Құдама, қызым", - Төреғалидың әкесі кенже қызы Динаның ұзатылуына осы әнді арнайы жаздырған.
Әншінің әкесінің қызымен қоштасу әні тойға келген меймандардың жанарын жасқа толтырған.