Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Мен мықты болудан шаршадым» – Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы, "Оқ-жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті. Айгүл Мүкей әріптесінің қайтыс болған жолдасын еске алып, естелігімен бөлісті, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен мықты болудан шаршадым» – Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: ашық дереккөз

"Менің құрбым Ләйлә Сұлтанқызы өзінің жолдасы Қайрат Беркінбаевтан, ал балалары әкесінен айырылды. Ол - өзі жеке кәсіпкер болды. Кейін "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті болды. Ол - отбасында алты ұлдың кенжесі, әке-шешесінің сүйікті ұлы, ағайындарының бауыры бола білді. Туған өлкесі үшін көп жақсылық жасаған азамат. Туған жерінде мектеп, балабақша салдырды. Ол - керемет әке бола білді. Жалғыз қызы Дәмеліні ұзатты. Ал Сардар мен Сағадат өтпелі кезеңге енді аяқ басты. Қайрат - достары үшін мықты тұлға. Ол - бірінші кезекте Ләйләнің жұбайы. Ол Ләйләні сүйетін, жақсы көретін, үнемі қорған болатын. Өзін жариялағанды ұнатпайтын, бірақ өзінің сұлу әйелін қатты сүйді. Ал қазір сол адамды жер қойнына тапсыратын уақыт келді.

Қайраттың жүрегі аяқ астынан тоқтап қалды. Қорқынышты... Ең жақын адамыңды жер қойнына тапсыру қорқынышты. Ләйләға оңай емес. Ол жақында ғана туған бауырынан айырылды, енді Қайраттан... Күні кеше "Мен мықты болудан шаршадым" деген еді", - деп жазды Айгүл Мүкей Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды. "Оқ-жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаевтың өмірден өтуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.