Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Айжан Байзақова енесімен бір үйде қалай тұрып жатқанын айтты

Танымал блогер Айжан Байзақова енесімен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Айжан Байзақова енесімен бір үйде қалай тұрып жатқанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Жақында Айжан екінші рет тұрмыс құрғанын ел біледі. Сондықтан болар, соңғы уақытта атышулы блогерге қойылатын сұрақтардың басым бөлігі оның енесімен қарым-қатынасы жайлы. Айжан осы жолы желі оқырмандарын қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Блогердің айтуынша, ол енесіне өте жақсы қарайды екен. Күн сайын екеуі шүйіркелесіп отырып, шәй ішеді.

Маған енеммен бірге бір шаңырақ астында тұрған ұнайды. Себебі, менің енем ақылды адам. Кеше ол кісі қонаққа кетіп қалып еді, ішім пысып кетті. Күнде екеуміз бір дастархан басында шүйіркелесіп отырып, шәй ішетін едік, — дейді блогер.