Отандық әнші Ерке Есмахан Республика күні Семейде өткен концертте әнінің сөзін ұмытып қалған. Бұл жайлы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында айтты, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші Семейге концерт үшін арнайы ұшып барған. Ерке Есмаханның жариялаған видеосына сүйенсек, ол "Аэропорт" әнінің сөзін ұмытып қалған.
"Миллион рет айтып жүрген әннің сөзін ұмытып қалғаным қалай кетті?", - деп жазды Ерке Есмаханның өзі.
Ал сәлден соң әнші "Еркелей берем" айтпақ болғанда, әннің фонограммасы қосылып кеткен. Әнші дереу әрекет етіп, фонограмманы тоқтатуды сұраған.
"Тоқтат, тоқтат. Плюспен қосылып кетті ғой. Қайтадан минуспен қоса ғой", - деді әнші.