Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«От едік қой, от»: Қарақат Әбілдина жас күнін еске алды (ВИДЕО)

Танымал әнші Қарақат Әбілдина instagram-парақшасында жазба қалдырып, жас күнін еске алды, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

«От едік қой, от»: Қарақат Әбілдина жас күнін еске алды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Үнемі боянып-сыланып, жылтыраған жүзімізді саламыз. Арасында осылай табиғи түрімізді де көрсету керек шығар. 18-дің әні, 18-дің әңгімесі мәңгі жүрегіңде сақталады екен. Ол деген бір адамзаттың ғажап кезі ғой, – деді ол.

Сондай-ақ әнші отағасы Қыдырәлімен қалай танысқанын да ұмытпапты. 

18 жасымда Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның бірінші курс студенті болып қабылдандым. Сол жылы өмірлік серігім, продюсерім @kydyrali_bolman-мен таныстым. Осылай тарқатып айта берсең таусылмайтын, қызыққа толы шақтардың ғажап естеліктері көп-ақ. Бір сөзбен айтқанда, жалындап тұрған от едік қой, от. Шіркін-ай десейші.

18 бен 25 қайтып келмейді, - деп әнге қосып жүр ғой. 18 бізге келмесе, біз 18-ге барайық, онда тұрған не бар екен. Адамның көңілі қартаймайды деген рас-ау!

Сіздің 18 жасыңыздан қандай естелік бар? Замандастарым бар болса, біздің кездің қызықтарын айтып, бір еске алып жіберейік!

Ал кеттік! – деп жазды Қарақат Әбілдина.