Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов жазған соңғы хатты көрсетті

Халық әртісі Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазған хатын көрсетті. Әнші жұбайының соңғы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов жазған соңғы хатты көрсетті
Фото: ашық дереккөз

"Зәкең (Заманбек Нұрқаділов - ред) өмірден өткен соң өз қолымен жазып кеткен жазба табылған еді. Бәрін сезген екен. Екі ай 10 күн қалғанын кім білген?", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Ақ параққа жазылған хат соңында Заманбек Нұрқаділов өз қолтаңбасын қалдырған.

«Күшейтер саған қорғанын. Жау жеңіліп, сен жеңіп, Үзерсің шынжыр торларын. Әсем ән әлі құлпыртар Жарық айдың толғанын, Елің көрер ертең-ақ Мерей сендей болғанын. Сендерге қидым қайшымен Ғұмырымның қалғанын. Өнерді мәңгі алғасын, Алла берсін жалғасын. Әумин!", - деп жазылған Жүнісова көрсеткен жазбада.