Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Танымал актриса 8 айлық нәрестесінен айырылып қалды

Еліміздің танымал актрисасы Әсел Асқар кенже ұлының қайтыс болғанын хабарлады. Актриса бұл жайында Instagram парақшасында жариялады.

Танымал актриса 8 айлық нәрестесінен айырылып қалды
фото: aikyn.kz

«Менің күнім, жаным, Айбарысымнан айырылдым. Мәңгілік жанымдасың, жүрегім! Күте тұр, қасыңа барамын» деген актриса кенже ұлының бар-жоғы сегіз ай ғана өмір сүргенін айтты.

Оның айтуынша, осыдан екі жұма бұрын аяқасты кішкентайы жансақтау бөліміне түскен. Диагнозы – туа біткен жүрек жеткіліксіздігі.

– Негізі мұндай диагноз жүктіліктің 18-38 апталығында анықталады екен. Өкінішке қарай, ол кезде бізден ондай ештеңе шықпады. Тіпті, туа бітті дертіміз барын білмедік. Уақытында білгенімізде, арнайы құрылғыларды қосып, емдеп, аман алып қалуымыз мүмкін еді. Онсыз да біз осы дертпен 6-7 ай арпалыстық. Ақырында балапанның ағзасы шаршады, әрі қарай күресе алмады, күші сарқылды.

Оның үстіне кішкентайдың түр-келбетіне қарап, қандай сырқатқа шалдыққанын бірден анықтай қоятындай дәрігер емеспіз. Күлімдеп, ашық-жарқын көңілді сәбидің ауыр дертке шалдыққанын білмедік. Тіпті, дәрігерлердің өзі осыған таңданып қалды, – дейді Әсел Асқар.