Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан жігітпен татуласты

Төреғали Төреәліден соққы жедім деген жігіт әншімен татуласты, - деп хабарлайды. Paryz ақпараттық агенттігі. 

Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан жігітпен татуласты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой.

Ал, сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе? (...)  "Ер шекіспей, бекіспейді" деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған Алаш жұртына көп рақмет! Қызық болғанда, бүгін Бекарыс бауырымыздың дүниеге келген күні екен. Ғұмыры ұзақ, өмірі берекелі болсын!", - деп жазды әнші.