"Көтенді қара..." Атышулы Қайрат Әділгерейдің тағы бір видеосы пайда болды

Соңғы тәулікте бүкіл қазнетте Ұлықпан Жолдасовтың құйрығын шұқыған Қайрат Әділгерейдің видеосы қызу талқыланып жатыр. Ерсі қылығымен елді шулатқан актердің санаулы сағат бұрын дәл осыған ұқсас тағы да бірнеше бейнежазбасы ғаламторға тарап кетті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

"Көтенді қара..." Атышулы Қайрат Әділгерейдің тағы бір видеосы пайда болды
фото: exk.kz

Қайрат Әділгерейдің жүрген жері той-думан. Атышулы актер үшін дүйім жұрттың алдында бөксесін бұлғаңдатып билеу, ер адамдардың құйрығын сипалау үйреншікті жағдайға айналғандай. Өйткені өнер иесінің мақсаты — көпшілікке позитивті көңіл-күй сыйлау. Әлеуметтік желіде Қайраттың қатысуымен тағы бір видео пайда болды. Аталған бейнежазбада Әділгерейдің бөксесін ары-бері лақтырып билеп жүргенін аңғаруға болады. Роликті атыраулық танымал күйші Нұржан Тәжікенов өзінің Instagram парақшасында жариялапты.

Оппа, көтенді қара, көтенді..., — деді күйші жігіт видеода.

Атышулы актердің ғаламторда тараған видеолары мұнымен шектелмейді. Кезекті роликке зер салсақ, Қайрат сауық-кештердің бірінде "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабековтың қарсы алдына келіп, құдды бір түнгі клубтағы стриптиз-шоудың қыздарындай мың бұрала билейді.

Төбелес, жанжал және ерсі би қимылдары. Қайрат Әділгерей отандық шоу-бизнестегі хайптың қақ ортасында жүреді. Актер Экспресс К тілшісіне берген кезекті сұхбатының бірінде мұндай қадамдарды алдын-ала арнайы жоспарлап, саналы түрде әрекетке баратынын ашық айтқан еді.

"Мен жасаған хайптар біреудің жұмысының өнуіне, біреудің жұмысының ілгері басуына әсер етті. Мені сол үшін пайдаланғандар болды, мен де олардың ұсынысын құптадым. Мысалы, "Диета kz" тобының клипіндегі төбелес бар, "Қызық Times" бағдарламасында Жахан Отарғалиев екеуміздің төбелесіміз бар, "Бизнес по-казахски" фильмінде рөлге таласқанымыз бар дегендей... Мұның бәрі арнайы жасалған хайптар", — деді Қайрат Әділгерей.