Ертең азат Украина жеңіске жеткенде Димаши бұл саяси-лас тірлігі үшін толықтай Украин ұлтының алдында жауап беретініне бек сенімдімін...
24-қыркүйекте Алматыда ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ «STRANGER» атты жеке концерті өтті. (Путин Украинаға 24-ақпанда соғыс ашты,Димаштың Алматыдағы концерті тура 7-айдан кейін 24-қыркүйекке сәйкес келуі де кездейсоқ емес деп білемін.
Сол концертте ДИМАШИ қанішер В.ПУТИННІҢ азат Украинаға қарсы ашқан соғысын қолдап, пропагандалық мақсаттағы "THE STORY OF ONE SKY" атты клипін орындады.
Аталмыш клиптің композициясы әлемдегі ең қымбат бейнебаян екенін және бұл музыкалық фильмнің сценарийін өзім жаздым деген ДИМАШ тәуелсіз Украина халқына опасыздық пен сатқындық жасады..
Клип Ресейдің КАЛИНИГРАД, яғни бұрынғы Германияның КЁНИСБЕРГ қаласында түсірілген.
Естеріңізде болса 1945-жылдың 6-9 сәуірінде коммунистік Қызыл Армия Кёнисберг қаласы мен қамалын шабуылдап,тарихта әйгілі атпен белгілі "ШТУРМ КЁНИСБЕРГА" әскери операциясын жүзеге асырған еді.
ДИМАШИ өзінің аталмыш "пацифистік" бейнефильміне Калиниград (Кёнисберг) қаласын тектен тек таңдаған жоқ. Себебі диктатор В.ПУТИН 24-ші ақпанда Украинаға қарсы арнайы операция (спецоперация), яғни қанқұйлы соғыс ашқанда бағыт-бағдар һәм саяси идеология ретінде 1945-жылғы "КЁНИСБЕРГ операциясын" негізге алған-ды.
Енді сұрақ, әлемдегі ең қымбат,яғни ПУТИННІҢ Украинаға қарсы арнайы операциясын насихаттаған Димаштың бейнелипіне қаржыны кім берді?
Мүмкін дүниедегі ең қымбат бейнеклипке Димаши пір тұтатын путиншіл Игорь Крутойдың жан досы һәм экс-елші И.Тасмағамбетов ағамыз немесе дон Р.Қадыровтың досы, нақтырақ айтсақ Иманғали көкеміздің күйеу баласы К.Рәкішев спонсор болған шығар?!
Қалай десек те, қазақтілді ДИМАШ путиншіл Ресейдің агрессорлық іс-әрекетін қолдап,өз азаттығы мен қазақтың жарқын болашағы үшін күресіп жатырған Украин халқының алдында қазақ ұлтын жер қылды.
Ертең азат Украина жеңіске жеткенде Димаши бұл саяси-лас тірлігі үшін толықтай Украин ұлтының алдында жауап беретініне бек сенімдімін.
P.S: Димашидің ең қымбат бейнеклипінде бастарында М әрпі бар "нацистер" картаны көрсетіп,әлемді жаулау ниетінде ақылдасып жатыр (коллективті батыс пен АҚШ, мұқият қарасаңыздар әркез бейбіт өмір мен пацифизмге шақыратын Димаши спецоперацияда денацификатор рөлінде ойнап, ақыры "нацистердің" басшысын автоматпен атып өлтірді.
Айтпақшы аталмыш клипті Ресей пропагандасының ҚР-дағы рупоры 1- евразия каналы жан-жақты жарнамалағаны белгілі болды.
Дінтанушы әрі қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынның facebook парақшасынан