Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Красавчик, әлі жас»: Бақытбек Есентаев киімімен қыз-келіншектерді естен тандырды (ФОТО)

Жақында түрмеден шыққан Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев күні кеше ғана тойға барып, көңіл көтеріп қайтты, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі экспресс к сайтына сілтеме жасап. 

«Красавчик, әлі жас»: Бақытбек Есентаев киімімен қыз-келіншектерді естен тандырды (ФОТО)
фото: әлеуметтік желіден

Бақытбектің туған әпкесі Назымның қызы ұзатылған. Сол думанды кешке Баянның бұрынғы күйеуі барынша стилді киініп келген. Үстіне сұр костюм-шалбар іліп алған. Шымыр денелі жігіт ағасына қыз-келіншектердің есі кетіп, тек жағымды пікірлер жазып жатты.

«Баянның қазіргі жолдасынан жас және сымбатты екен», «Енді жақсы әйел жолығып, бақытты болсын», «Красавчик, әлі жас», «Тұрсын кәрі ғой, оның қасында біздің аға зың», - деп жазды желі оқырмандары.

Елуден асқан Бақытбек түрмеден шыққан соң уақытының басым бөлігін спортқа арнағанын айта кетейік. Ол күнде таңертең 100-ден 3 мәрте 300 рет кеудені серпе көтеріп, жаттығу жасайды екен. Ағасының таңғы жаттығуын қарындасы бейнежазбаға түсіріп алған.