Актриса Әсел Асқар ұлының ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскенін айтып көзіне жас алды. Ол оқырмандарынан ұлы үшін дұға етуді сұрады, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Актриса ұлының жағдайы туралы Instagram парақшасында жазды.
"Ең жаманы балаң шарасыз жатқанда көмек көрсете алмау. Екі апта бұрын жансақтау бөліміне түстік. Мен мүлде білмеген туа біткен жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен келдік.. Әдетте мұндай диагноз ультрадыбыстық зерттеуде жүктіліктің 18 немесе 38 аптасында анықталады. Өкінішке орай, менің жағдайымда оны анықтай алмады. Сол кезде анықталса, баламды қазіргі жағдайға түсірмеуге болатын еді. Баламның ағзасы 6-7 айға дейін өзі күрескен. Содан соң шаршаған", - деп жазды актриса.
Актриса бұл өте сирек кездесетін туа біткен патология екенін атап өтті.
"Өкінішке орай, мұндай потологиясы бар балалардың сырт келбетінде өзгелерден еш айырмашылық болмайды. Балалардың көңіл күйінде өзгеріс болмайды. Мен баламды бірнәрсе мазалайды деп ойламадым. Тіпті дәрігерлердің өзі баламның сырт келбеті мен анализ нәтижелерін ультрадыбыстық зерттеумен салыстырғанда таңғалды. Бұл дертті медициналық білімсіз анықтау мүмкін емес.