Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.
Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.
“Алайда бүгін оның 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шыққаны белгілі болды”, – деп жазды Sputnik Қазақстан телеграм арнасында.