Айжұлдыз Адайбекова дәл қазір жалаңаш образымен қазнетті шулатып жатыр. Бұл жолы атышулы блогер ашық бөксесін көпшілікке көрсетіп, бұдан былай ешқашан ұялмайтынын анық жазған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Жанар Айжанованың қызы соңғы кездері батыл қадамдарға жиі барып жүр. Ол өзінің жеке парақшасына жартылай жалаңаш суретін жүктеп, дене бітіміне қатысты арнайы пост жариялаған. Бір миллион оқырманына бөксесін көрсеткен Айжұлдыз елден сөз еститінін бірден түсінсе керек, төмендегідей жазба қалдыпты.
"Попкорн дайын. Мынадай пікірлер күтемін: "Ойбай, қазақтың қызына тән емес", "Жанар қайда қарап жүр, өз қызын дұрыстап алмай ма?" "Масқара", — деп жазды Айжұлдыз.
Қазақы болмыстағы Жанар Айжанованың қызынан мұндайды күтпеген жұрт желіде жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.
"Контент-контент деп жалаңаш дене көрсету не әдет? Қазақ қызына ерсі көрінеді. Айналайын Айжұлдыз, киіміңді кие ғой", "Атағы жер жарған Жанар Айжанованың қызы. Ол кісі қазақилығымен танылған. Не тәрбие?", "Айтар сөзім жоқ. Әрине, ойбай, масқара", — деп сынады оқырмандары.