«Меккеде сіздер үшін дұға етемін»: Айнұр Тұрсынбаева жұрттан сөз естіп қалды

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның проблемаларын айтқан адамдар үшін Меккеде дұға етемін деген сөзі жұртқа ұнамай қалды, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda.Info сайтына сілтеме жасап. 

«Меккеде сіздер үшін дұға етемін»: Айнұр Тұрсынбаева жұрттан сөз естіп қалды
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ол instagram-парақшасына жүктеген видеода айтқан. 

Мекке қаласынан тікелей эфирге шығамыз. Сол кезде проблемаларыңызды жазып отырыңыздар. Барлығыңызға уәде бере алмаймын. Дегенмен мүмкіндігімізше, сіздер үшін дұға етемін, - деген ол видеода.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары ақынды сынап тастады. 

«Алланың секретаршысы сияқты айтты ғой», «Мұны да бизнеске айналдырып жіберді ме?», «Сендер секілді сатқындарға дұға тілетпейміз», «Түркияны тындырып, енді Меккеге шықты ма?», «Мынауың енді халықты алдау», «Проблеманы шешетіндей кім едің?» - деп жазып жатыр олар.