Ерке Есмахан нақты қанша ақшасы бар екенін айтты

Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен долларлы миллионермін.

Ерке Есмахан нақты қанша ақшасы бар екенін айтты
Фото: stan.kz

Ерке Есмахан қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойған тыңдарманына қанша ақшасы бар екенін айтты. Сондай-ақ, әнші ұлына көңіл бөлмейді деп сынайтындарға жауап берді.

Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырған әншіге оқырмандарының бірі: «Қанша ақшаңыз бар?», - деп төтесінен сұрақ қойды.

Оған Ерке: «Осы менің ақшамды санап не істемекшісіздер? Ақшам көп, Құдайға шүкір. Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен долларлы миллионермін», - деп жауап берді.