Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ғайбаттап жатыр екен". Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түсті

Әлеуметтік желіде айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияда ұлы Бекланның тойын дүркіретіп өткізгені қызу талқыға түскен болатын.

"Ғайбаттап жатыр екен". Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түсті
фото: әлеуметтік желіден

Бұл тойға Мейрамбек Бесбаев та қатысқан еді. Ол Instagram-парақшасында тойды сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Беглан балам кішкентайынан көз алдымда өсті. Кішіге ізетін, үлкенге құрметін көрсетіп тұратын нағыз азамат. Бүгін міне келінмен бірге қол ұстасып үлкен өмірдің есігін аштыңдар. Жанұялық өмірде тек жақсылық көруіңе тілектеспін. Бұл - әкең мен шешеңнің сан жылдар бойы сағына күткен қуанышы. Сол қуаныш ұзағынан сүйіндірсін. Жалпы түгел түркі әлемінің астанасына айналған Ыстамбұлдағы той барша достың басын қосқан керемет кеш болды. "Құтты болсын" деудің орнына, ел ішінде төріне төрт адам отырғызып көрмеген кейбір жандар ғайбаттап жатыр екен. Өздері білсін. Жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін таппай ма? Айтыстың аламанында дара шапқан Айнұрдың бағасы ел алдында қашан да биік. Айнұр, тойың құтты, басың аман, бауырың бүтін, төңірегің түгел болсын. Ұрпағыңмен мың жаса", - деп жазды әнші Желіде.