Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Байзақова араласпай кеткен әкесімен татуласқанын айтып, көзіне жас алды

Атышулы блогер Айжан Байзақова 1,5 жыл көрмеген әкесімен татуласқанын айтты. Әкесіне бірінші болып хат жазып, кешірім сұраған ол кездесудің қалай өткенін әңгімелеп берді. 

Байзақова араласпай кеткен әкесімен татуласқанын айтып, көзіне жас алды
Фото: stan.kz

Бұған дейін Айжан әкесінің түрмеде отырып шыққанын, содан бері ол кісімен араласпайтынын айтқан еді.

"Қысқасы, араға 1,5 жыл салып, кеше әкеммен кездестім. Өте қатты толқыдым, Әлиханнан жанымда болуын сұрадым. Өйткені оның немен аяқталатынын білмедім", - деп ағынан жарылды Байзақова. 

Сөзінше, ол эмоционалды мінезімен әкесіне ұқсаған. Сондықтан да оларға тіл табысу қиын болып келген. 

"Ол келгенде бірден жанына барып құшақтап алдым. Болған оқиғадан ештеңені талқылағым келмейтінін, бәрін басынан бастағым келетінін айттым. Әрине, алғашқыда әкеме ауыр тиді. Екеуміз бірге жыладық", - дейді Айжан.

Ол әкесі жайлы айтып отырып, көзіне жас алып қалды.

Блогердің айтуынша, мінезі бірдей екі адамның тіл табысуы қиын. Мұндай жағдайда екеудің біреуі жол беруі керек, дейді ол. 

"Жол беретін адам мен боламын", - деді Байзақова.