Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Баламен сынамасын": Бауыржан Сатов әйелі екеуінің басынан өткен ауыр жағдайды баяндады

Отандық танымал тележүргізуші әрі актер Бауыржан Сатов келіншегі екеуінің басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, өз жан сырын ақтарды.

"Баламен сынамасын": Бауыржан Сатов әйелі екеуінің басынан өткен ауыр жағдайды баяндады
Фото: ашық дереккөзі

Өнер иесінің сөзінше, бастапқыда дәрігерлер жұлдызды жұптың екінші қызына ауыр диагноз қойған. Бұл жаңалық жас ата-ананы қатты алаңдатқан, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бауыржан Сатов отбасында орын алған жағдайды "Хабар" арнасына берген сұхбаты барысында баяндады.

Оның айтуынша, жұбайы Альбина Шардарова құрсақ көтерген соң, дәрігерлер сәбидің "Даун синдромына" шалдығу қаупі жоғары екенін жеткізген.

"Алғашқы үш айлық кезде дәрігер бізді шақырды. Оны ешкімге айтқан жоқпыз. "Бір анализдеріңіз дұрыс болмады. Сіздерде даун синдромына күдік бар. Пайызы өте жоғары", - деді.

Альбина екеуміз қатты уайымдадық, басыңа түспейінше сезіне алмайды екенсің. Қазірдің өзінде айтып отырып, сол сезімді қайта басымнан кешіп жатырмын.

"Баламен сынамасын" деген сөздің мағынасын сол кезде түсіне бастадық. "Не істейміз? Қалай ол?" деп сұрадық. "Құны 200 мың теңгедей тұратындай анализ тапсырасыздар, баланың айналасындағы суды алып, Америкаға зерттеуге жібереміз", деді", - деп есіне алды Бауыржан Сатов.

Ерлі-зайыпты медицина қызметкерлері ұсынған анализден бас тартып, сәбиді бар қалпымен қабылдауды шешкен. Тележүргізуші Алладан сау бала тәлеп, үмітін үзбегенін айтты.

"Өйткені дәрігерлердің болжамы басқа, ал дүниеге келген кезде басқаша болып шығатын жағдайлар жиі кездеседі. Қандай болмасын, ол Алланың бізге берген сыйы, ешқандай ауыртпалықсыз баламыз ретінде қабылдап, толыққанды қараймыз деп шештік. Сосын үйге келіп, есімде ешкім жоқ, бір бөлмеге кіріп, есікті жауып алып, басымды сәждеге тигізіп, көзімнен жас шығып, Алладан: "Менің екінші балапаным дүние есігін дені сау болып ашсыншы", - деп тіледім.

Алла Тағала тілегімді қабыл етіп, дүниеге сап-сау Альфиямыз келді", - деді ол.