Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойында Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек бой көрсетті

Стамбулдың төрінде Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын дүркіретіп өткізуде.

Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойында Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек бой көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Тойға Қазақстаннан көптеген өнер жұлдыздары бой көрсеткен.

Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тойға Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Индира Расылхан, Ерке Есмахан секілді әншілермен қатар Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек те бой көрсеткен.

Келіннің бетін белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ашқаны белгілі болды.