Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Кемпір болыпты»: Хиджаптағы Айнұр Тұрсынбаева мен Индира Расылхан жұрттың зәресін ұшырды

Дәл қазір әлеуметтік желіде Айнұр Тұрсынбаева мен әнші Индира Расылханның образы елдің қызу талқысында. Түркияда тұмшаланып алған қос өнерпазды бірге көрген көпшілік оларды қатты сынап тастаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K К сайтына сілтеме жасап. 

«Кемпір болыпты»: Хиджаптағы Айнұр Тұрсынбаева мен Индира Расылхан жұрттың зәресін ұшырды
Фото: коллаж

Ғаламторды шулатқан бейнежазба Түркияда түсірілген. Видеода бір топ қазақ өнерпаздары дастархан басында әңгімелесіп отыр. Солардың ішінде Айнұр Тұрсынбаева мен әнші Индира Расылхан да бар. Бұл роликті Сәкен Майғазиев өзінің жеке парақшасына жүктепті.

"Мына Индираны көрмегелі 40 жыл болыпты. Стамбұлға кетіп қалыпты ғой. Айнұрдың шаңырағында отырмыз", — деді Мейрамбек пен Сәкен.

Видеоға зер салсақ, хиджап киіп, тұмшаланып алған Айнұр Тұрсынбаева мен Индира Расылхан бірден елдің көзіне түсті. Оқырмандар оранып алған оларды жақтыра қоймаса керек, жағымсыз пікірлерін жазып жатыр.

"Айнұр мен Индира, қазағымның жарасатын орамалын тақпайсыңдар ма? Жарасса Құдай ұрсын", "Түрлері құрысын. Арабша оранып, кемпір болыпты ғой", "Ата-бабамыз олай киінбеген. Неге басқа елге еліктейміз?", "Индира, саған хиджап ойыншық болды ғой", — деп ашуланды желідегі жұрт.

Айта кетейік, дәл қазір Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев жұбайымен Стамбұлда жүр. Олар Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Бекланның Түркияда өтетін үйлену тойына арнайы барған көрінеді.