Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ұят»: Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева желіні шулатты

45 жастағы Айгүл Иманбаева қысқа етекті көйлек киіп, желіні шулатты. Актриса жаңа фототүсірілімнен сурет жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ұят»: Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева желіні шулатты
фото: әлеуметтік желіден

Қызу талқыға түскен суретін актриса Instagram парақшасына жүктеді.

Бір топ әріптестері мен оқырмандары Айгүлдің 18-дегі қыздай көрінетінін айтып, тамсанды. 

"Уау", "Мәссаған", "Әдемі", "От болып тұрсыз ғой", "Фигураңыз ұрып тұр. 45 емес, 25 жаста сияқтысыз", - деп тамсанды оқырмандар. 

Өзге оқырмандар актрисаны "есті жасқа келгенде есірді" деп айыптады.

"Мына суретіңіз тым ұяттау көрінеді екен, жасыңызға сай емес, Айгүл ханым", "Иманбаева емес, Иванбаева болыпсыз", "Мұндай жасқа келіп ұят емес пе?", "Өте әдемі жарасады екен, бірақ деген нәрсе бар ғой. Тым жеңілтек әйелге ұқсап қалыпсың. Саған болмайды, қырыққа келдің. 25-35 жаста болсаң, "жас қой, кие берсін" дер едік", – деді желі қолданушылары.