«Ауру ма?»: Диана ханымның ерсі қылығы халыққа тағы жақпады

Атышулы «Qoslike» жобасының жүргізушісі Диана Скатова тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Ауру ма?»: Диана ханымның ерсі қылығы халыққа тағы жақпады
Фото: видеодан скриншот

Шоу жүргізішісі Диана ханымның біреуге пародия жасап, күлген әрекеті желі оқырмандарына ерсі көрінген сияқты. Себебі Instagram-дағы qoslike_2021y парақшасына жазылған көп пікірдің жағымсыз тараптан екенін аңғаруға болады.

«Осылар әдейі істейді. Өзінше қылықтарын көрсеткені ғой», «Жараспайды», «Ауру ма деп қалдым ғой», «Немене қуып отыр?», «Диана ханым деген сайын жараспайды қылықтары», «Түк те тәрбие жоқ екен», «Талма ауруы бар ма еді?», «Сорлы, ханым дейтін кім ол?», - дейді желі қолданушылары.