Атышулы продюсер қыз ұзатуда фонограммаға ілесе алмай, жұрт алдында ұятқа қалды, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі Elordа Info сайтына сілтеме жасап.
Қыз ұзатуды жеке кәсіпке айналдырған танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы сынға ұшырады. Өзінің жеке парақшасына қыз ұзатқан сәтін жүктеген Айдарбекованың дауысы жұрттың құлағына түрпідей тиді. Бейнежазбада фонограммаға ілесе алмағаны анық көрініп тұр.
«Дым дауысың жоқ, айналайын. Қоя қойшы», «Музыкалық ырғақ та жоқ», «Тақпақ айтып жатыр екен десем, өлең айтып жатыр екен ғой»- деп желі қолдаунышылары өз наразылықтарын білдіруде.