Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Біз бірге тұра алмадық": Байзақова әкесімен араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарды

Атышулы блогер Айжан Байзақова әкесімен арақатынасы туралы сөз көзғап, оқырмандарына өз жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы бүгінде әкесімен араласпай кеткенін ашық айтты, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Біз бірге тұра алмадық": Байзақова әкесімен араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарды
Фото: ашық дереккөзі

Байзақованың сөзінше, әкесі түрмеден шыққан соң онымен қарым-қатынасы бұзылып, олар бір шаңырақ астында тұра алмаған. Нәтижесінде бүгінде әкесі мен қызы мүлдем араласпайды екен.

Алайда бұл жайт блогер аруды аса қатты қынжылтатын көрінеді. Ол Instagram парақшасында бұл мәселеге қатысты жан сырын ақтарып, алдағы уақытта әкесімен қайта байланыс орнатқысы келетінін жеткізді.

"Әкең қайда? Оны неге көрсетпейсің?" деп көпшілігіңіз сұрайсыздар. Әкем түрмеде отырып, осыдан 1,5 жыл бұрын бостандыққа шықты. Түрмеде отыру бөлек, шыққаннан кейін мына әлемге бейімделу тағы бар. Өз тарапымнан оған қолдау көрсетуге тырыстым, бірақ ол қиын болды. Бәрін ашып айта алмаймын, бірақ ақырында біз бірге тұра алмадық. Менің құпиям сол, 1,5 жыл бойы әкеммен араласқан жоқпын. Енді онымен қайта араласуым керек деп шештім, өйткені біз туған адамдармыз. Бірақ ол менімен сөйлесуге дайын ба, білмеймін", - деді ол.

Айта кетейәк, бұған дейін Айжан Байзақова денсаулығы сыр беріп, ауруханада жатқанын хабарлаған болатын.