Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ұлын мектепке апарған видеосын жариялаймын деп, көпшіліктен оңбай сөз естіп қалды, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Бейнежазбадан әншінің баласын ертіп мектептің алғашқы қоңырау іс-шарасына келгенін көруге болады.
Жанында отағасы да бой көрсетеді. Осы орайда көзіқарақты оқырмандарының бірі өнер иесінің баласын орыс мектебіне бергенін байқап, пікір жазған.
Бүгінде Сәдуақасованы сынап, пікір жазып жатқандар аз емес.