Айжұлдыз Адайбекова анасы мен өзінің тәрбиесіне атсалысқан әпкесіне кіші қажылыққа жолдама сыйлады. Мұндай тосынсыйды күтпеген Жанар Айжанова есеңгіреп қалды, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Анам мен әпкемді умраға жіберемін деп шештім. Әпкем мені өсіріп, бақты. Енді менің кезегім.
Біздің ата-анамыз бен жақындарымыз тек жақсыға лайық. Біз мәңгі емеспіз, сондықтан барлық адамдарға жылы сөздерді жиі айтып тұрыңыздар", – деп бөлісті Айжұлдыз.
Ол мұндай ерекше сыйды жолдан келе салып, таңғы сағат 6-да тарту еткен.
"Ұйқылы-ояу жатқан анам есеңгіреп қалды. Түсірілімнен келіп, далада ұйықтап жатыр екен", – дейді Адайбекова.