Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Жүз жасасын": Ата-анасымен ерекше видео жариялаған Бүркітке ел сүйсінді

Отандық танымал әнші Бүркіт желіде ата-анасымен түскен ерекше видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік әртістің ата-анасына ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебізін білдірген, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жүз жасасын": Ата-анасымен ерекше видео жариялаған Бүркітке ел сүйсінді
фото: әлеуметтік желіден

Бүркіт ерекше отбасылық кадрларды Instagram парақшасында жариялаған.

Онда әншінің ата-анасымен дастархан үстінде әңгімелесіп отырғанын көруге болады.

"Әкеміз еркелейді осылай. Амандық болсын", - деп жазды ол видео астында.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға сүйсіне қарап, оларға ақ тілегін жаудырды.

"Әкеңіз ертегі кейіпкері секілді", "Екеуіне де ұқсапсыз", "Ата-анаңыз жүз жасасын. Сіздің, немерелерінің қызығына тоймай жүре берсін", "Дендері сау болсын. Ұзақ ғұмыр тілейміз", "Қандай әдемі жұп", "Керемет отбасы", "Сіздерге қатты қызығамын. Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.