Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Келін дұрыс емес пе деп қалдым": Қайын жұртына барған Қарақат жұрттан сөз естіп қалды

Қарақат Әбілдина Instagram желісіне жариялаған соңғы жазбасында киелі Ұлытау өңірінен сәлем жолдады, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Келін дұрыс емес пе деп қалдым": Қайын жұртына барған Қарақат жұрттан сөз естіп қалды
фото: nege.kz

«Қыдекең өзі анадан алтау ғой. Оның қазір төртеуі бар: апасы, ағасы, қарындасы, өзі. Сол ағайынға амандасып, екі сағатқа болсын елге ұшып барып қайттық. Бір жағы жақыны қайтқан жақындарға көңіл айта келдік...» – деп жазды Әбілдина.

Сондай-ақ өнер иесі ұзын-сонар жазбасында ағайын-туысты көзі тірісінде қадірлеуге шақырған. Аталған жазбаны көрген әншінің оқырмандары Қарақаттың ибалы келін екенін алға тартса, енді біреулері Қыдырәліде Қарақаттан өзге ешкім жоқ деп ойлағандарын алға тартқан.

«Өте дұрыс шаруалар! Мен Қыдырды жалғыз жігіт па деп ойлаушы едім. Аллаға шүкір, тумаластары бар екенін енді біліп отырмын», «Айзони кімге тартқан деп ойлаушы едім, өзінің апасына тартқан екен ғой. Қан шіркін, жібермейді ғой. Үлкен кісілер аман болсын!», «Қыдырәлі жалғыз деп ойлап жүрдік. Оған қарағанда Қарақаттың туыстарын жақсы білеміз. Соған қарағанда, келін дұрыс емес пе деп ойлап қалдым. Әрине, өздері біледі де. Жақсы жар, жақсы ана деп танып жүрдік» деп жазды желідегі жұрт.